$1,3 триллион талап етті
Германия Сыртқы істер министрі Аннален Баербок польшалық әріптесі Збигнев Раумен келіссөздер жүргізу үшін Польшаға барды. Тараптар екінші дүниежүзілік соғыстың репарациясын талқылады. Збигнев Рау қол қойған ресми өтініште Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германияның басқыншы күштері келтірген шығын үшін шамамен 1,3 триллион доллар төлеу туралы талап бар. Дегенмен, Берлин репарация төлеуге қарсы.
Жаһандық рецессия
БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) сарапшылары дамыған елдердегі ақша-несие және фискалдық саясаттарындағы өзгерістер әлемді 2008 жылғы қаржы дағдарысы мен 2020 жылғы COVID-19 пандемиясынан да көп зиян келтіретін жаһандық рецессияға және ұзаққа созылған тоқырауға итермелеуі мүмкін екенін айтты. БҰҰ болжамы бойынша, 2022 жылы әлемдік экономиканың өсімі 2,5 пайызды құрайды. Өсім 2023 жылы 2,2 пайызға дейін баяулайды деп күтілуде.
Twitter Илон Маскпен келісімге келді
Twitter компанияны әр акциясын 54,2 доллардан сату туралы Илон Масктың ұсынысына келісті. Тиісті жазба компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды. «Компания мәмілені бір акция үшін $54,20 бағамен жабуды көздеп отыр» – делінген ресми аккаунтта. Бұған дейін Маск Twitter-ге әлеуметтік желіні сатып алу туралы мәмілені қайта бастауды ұсынған.
Төрт зымыран ұшырды
4 қазанда Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран Жапонияның үстінен өтіп, Тынық мұхитына құлаған. Бұған жауап ретінде Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерилері төрт ATACMS зымыранын сынақтан өткізді. Әскерилердің айтуынша, Оңтүстік Корея мен Америка күштері Солтүстік Кореяның мұндай зымырандық арандатуына осымен төртінші рет жауап беріп отыр.
Трамп CNN-ді сотқа берді
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп CNN арнасына жала жапты деп айыптап, 475 миллион доллар өтемақы талап етті.
Флорида штатының федералдық сотына берілген арызда CNN оны саяси тұрғыдан жеңу үшін жетекші ақпарат ұйымы ретіндегі жағдайын пайдаланды деп мәлімдейді. Құжатта айтылғандай, CNN 2020 жылғы президент сайлауында «Трампты жою» үшін несие алды.
Дайындаған
Биболат СӘТЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<