Дүние дүрмек

405

0

Тәж кию күні белгіленді

Жаңа британ королі таққа анасы қайтыс болғаннан кейін отырған. Бірақ аза тұту мерзімі аяқталғаннан кейін ғана тәж кие алады.

Қазіргі уақытта британдық корольдік монета сарайы  III  Карл корольдің портреті мен оның монограммасы бар монеталар шығаруда. Дегенмен, Букингем сарайының хабарлауынша, тәж кию рәсімі келесі жылдың 6 мамырында Вестминстер аббаттығында өтеді.

Бұрын болмаған  салық

Жаңа Зеландияда елдегі атмосфераға бөлінетін парникті газдың, дәлірегі, метан газының негізгі көздерінің біріне айналған ірі қара мен қойдың «кекіруіне» (бөртпе-бөгуіне) салық салынады. Мұндай салық түрі әлемде бұрын болмаған.

Жалпы 5 миллион халқы бар елде 10 миллионға жуық етті-сүтті ірі қара, 26 миллион қой бар. Әр жануар күн сайын ауаға 400-500 литр метанды кекіру және газдармен бірге шығарады.

Адамзатқа қарсы қылмыс

Парижде Либериялық көтерілісшілердің бұрынғы қолбасшысы Кунти Камараға адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айып тағылып жатыр. Қазір 47 жастағы К.Камара «1990 жылдардың басындағы азаматтық соғыс кезінде Либериядағы Лофа округінің бейбіт тұрғындарына қарсы жаппай және жүйелі азаптаулар мен адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге қатысы бар» деп айыпталған.

Франциядағы сот отырысы төрт аптаға созылады. Камараның кінәсі дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Австриялықтардың табысы төмендеген

Федералдық статистика басқармасы жүргізген зерттеу өткен жылы Австрия азаматтарының үштен бірінен астамының табысы азайғанын анықтаған. Табыстың жоғалуының негізгі себебі – инфляцияның жоғары деңгейі.

Сауалнамаға қатысқан австриялықтар алдағы 12 айда да кірісі төмендейді деп күтетінін айтқан. Сондай-ақ, халық жиһаз, көлік, саяхаттау сияқты ірі шығындарын қысқартқан.

Дайындаған

Биболат СӘТЖАН

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<