Дүние дүрмек

439

0

399,3 тонна алтын

World Gold Council мәлімдеуінше, 2022 жылдың үшінші тоқсанында әлемдік орталық банктер рекордтық 399,3 тонна алтын сатып алды. Бұл осы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 115 пайызға тең.

Орталық банктердің мұнша алтын сатып алуы соңғы 22 жылдағы ең үлкен көрсеткіш болды. Сонымен бірге, 2018 жылдың үшінші тоқсанында тіркелген алдыңғы рекорд қазіргіден екі есеге дерлік төмен, яғни 241 тоннаны құраған.

Жыл сөзі

Британдық Collins English Dictionary сөздігі биылға арналған жыл сөзін «permacrisis» деп атады.

Бұл сөз «тұрақты» және «дағдарыс» (permanent және crisis – «тұрақты дағдарыс») сөздерінің бірігуі арқылы жасалған және «тұрақсыздық пен қауіп-қатердің ұзақ кезеңін» білдіреді.

Термин 2022 жылы бүкіл әлем тап болған дағдарыстармен, атап айтқанда, саяси тұрақсыздық, Украинадағы соғыс, климаттың өзгеруі және өмір сүру құнының дағдарысымен байланысты.

Бразилияда жолдар жабылды

Бразилияның қызметтен кеткен президенті Жаир Болсонаруды қолдау акциясына шыққан жүк көлігі жүргізушілері 20 штатта жолдарды жауып тастады.

Жаир Болсонару президенттік сайлауда Лула да Сильвадан жеңілген. Бразилияның федералды жол полициясы хабарлағандай, дауыс беруден кейін Болсонару жақтаушылары 230-дан астам наразылық акциясын өткізіп, елдің барлық штатында жолдарды жауып тастады.

iPhone-нан қашты

Орталық Қытайдағы әлемдегі ең ірі iPhone зауытының қызметкерлері жаппай қашып кетті. Foxconn компаниясы басшылығы коронавирустың өршуіне байланысты Чжэнчжоу зауытында санитарлық шектеулер енгізген.

 Оған сәйкес қызметкерлерге зауыт аумағында тамақтануға тыйым салынып, қозғалыс шектелген. Бірақ қауіпті еңбек жағдайларына наразы жұмысшылар зауыттан қашып кеткен.

Foxconn – ең ірі iPhone өндірушісі. Оған Apple компаниясы смартфондарының 70 пайызы тиесілі.

Дайындаған

Биболат СӘТЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<