Дүние дүрмек

409

0

Бензин қай елде қымбат?

Visual Capitalist басылымы қазіргі таңда қай елдер бензин үшін ең көп қаражат төлейді деген сұрақ төңірегінде шолу жасады.

Басылымның ақпаратына қарағанда, энергия жеткізудің жаһандық тізбегінің бұзылуына байланысты бензин, электр энергиясы және табиғи газ бағасы шарықтап кеткен. Кейбір елдерде энергия бағасы 2022 жылы тарихи деңгейге жетеді деп болжануда. Гонконг тұрғындары бензин үшін әлем бойынша ең көп ақы төлейді, яғни 11,10 доллар. Бұл әлемдегі орташа деңгейден екі есе көп. Электр энергиясының ең жоғары құны көбінесе Еуропада. Дания, Германия және Бельгиядағы бензин бағасы Франция мен Грекиядағы бағадан екі есе жоғары.

Талаптар жеңілдеді

Қытайдағы 10 ірі мегаполистің билігі қоғамдық көліктерге міну үшін COVID-19 тестілерін тексеру талабының алынып тасталғанын жариялады.

Соңғы күндері Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ковидтік шектеулер жеңілдеген. Онда қоғамдық орындарға кіру үшін COVID-19 тестілерін көрсету талаптары жойылған, сауда орталықтары мен тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданған. Коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандар үшін шартты түрде үй карантиніне рұқсат етілген.

Қытай астанасының тұрғындарына соңғы 48 сағат ішінде жасалған теріс нәтижесі бар коронавирус тестісін көрсетпестен, қоғамдық көлікпен жүруге рұқсат етіледі, ал ауруханалардың ПТР тестісі жоқ науқастарды емдеуден бас тартуына тыйым салынды.

Рэпердің акаунты бұғатталды

Рэпер Канье Уэсттің твиттердегі аккаунты «Гитлер туралы даулы мәлімдемелер» жазғаны үшін тағы да бұғатталды.

Кейбір дереккөздердің жазуынша, америкалық рэпер Уэст журналист Алекс Джонспен сұхбатында Гитлер мен нацистерге деген таңданысын білдірген. «…Әр адам өзінше құнды, әсіресе Гитлер. Мен Гитлерді жақсы көремін» деді Уэст радиодан.

Айта кетсек, Уэсттің аккаунты – Twitter-дегі ең танымал және даулы аккаунттардың бірі.

Қалалар рейтингі жарияланды

Economist британ журналының талдау бөлімі ең қымбат қалалардың кезекті рейтингісін жариялады.

2022 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Нью-Йорк пен Сингапур көш бастады. Рейтингті жасаған Economist Intelligence Unit әлемнің 172 ірі қаласында баға бір жылда 8,1% көтерілгенін атап өтті.

Бұл – журнал әлемдегі өмір сүру құны туралы деректерді жинаған соңғы 20 жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш. Өткен жылы Тель-Авив бірінші орында болса, қазір ол үшінші орында тұр.

Ливияның Триполиі мен Сирия астанасы Дамаск – әлемдегі ең арзан қалалар. Сондай-ақ олардың қатарында Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы мен Өзбекстан астанасы Ташкент те бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<