Дүние дүрмек

587

0

«Оскар» номинанттары анықталды

Лос-Анджелес қаласында кино өнері және ғылым академиясы «Оскар» сыйлығына номинанттарды анықтап,
94 марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиында «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік екінші актриса», «Үздік екінші актер», «Үздік бейімделген сценарий», «Үздік түпнұсқа сценарий», «Үздік шетелдік фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік оператор», «Үздік визуалды эффекттер», «Үздік монтаж», «Үздік дыбыс», «Үздік түпнұсқа саундтрек», «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм», «Үздік қысқа метражды фильм», «Үздік қысқа метражды деректі фильм», «Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы», «Үздік костюмдер», «Үздік макияж және шаш үлгісі», «Үздік ән» номинациялардың жеңімпаздары анықталды.

Қыздар сабаққа кіріскен жоқ

Ауғанстанда жаңа оқу жылы басталды. Алайда орта және жоғары сыныптарда оқуға тиіс қыздар әлі сабаққа кіріскен жоқ.

Жеті айға созылған ұзақ үзілістен кейін олар білім ордасына қуана барғанымен, партаға отырып үлгермей жатып, үйге қайтуға мәжбүр болды. Білім беру министрлігінің мәліметінше, сабаққа 6-сыныпқа дейін оқитын қыздар ғана қатыса алады. Ер балаларға қатысты мұндай шектеу жоқ. Талибан өкілдері шариғат пен ауған дәстүріне, мәдениетіне сай мектеп формасы дайын болған соң ғана қыздар оқуын жалғастыратынын мәлімдеді. 

Заңды мақсатқа қолдануға рұқсат

Ресей тұрғындарына Facebook және Instagram-ды заңды мақсатқа қолдануға рұқсат етілді.

Мәскеу қаласының аудандық соты осындай үкім шығарды. Еске салайық, өткен аптада әлеуметтік желілерге иелік ететін Meta компаниясы Ресейде экстремистік ұйым деп танылған. Қаулыда ол азаматтардың құқығын бұзып, елдің конституциялық құрылымына қатер тудырады деп жазылған.

Пайдасыз кеңес

Ovo Energy энергетика компаниясы тұтынушыларға энергия тарифі көтерілген кезде айтқан ұсыныстары үшін кешірім сұрады. Бұл туралы компанияның әлеуметтік желісінде хабарланған.

«Біз осы жыл тұтынушылар үшін жағдайдың қаншалықты қиын болатынын түсінеміз. Жақындап келе жатқан энергетикалық дағдарыстың тиімді шешімдерін табу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ жылыну үшін берген кеңестеріміздің халыққа пайдалы емес екенін мойындаймыз. Біз өзімізді ыңғайсыз сезінеміз және шын жүректен кешірім сұраймыз» деді Ovo Energy өз мәлімдемесінде.

«Шығындарды азайтатын қарапайым 10 кеңес» тізімінде оларға үй жануарларын құшақтау, көбірек қозғалу, балалармен жарыс өткізу, үйді тазарту немесе орнында тұрып секіру сияқты ұсыныстар берілген еді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<