Дүние дүрмек

461

0

Берлин хайуанаттар бағы

Берлин хайуанаттар бағына дәстүр бойынша жыл басында шыршалар жеткізіліп, хайуанаттар жергілікті кәсіпкерлер сыйға тартқан сатылмай қалған ағаштардан дәм татты. Пілдер мен бұғылар шыршаларды бірнеше минут ішінде толығымен жеп қойған.

Хайуанаттар бағының өкілі Свенья Эйзенбарттың айтуынша, жұртшылықтан қолданылған шыршалар қабылданбайды. Өйткені оларда әшекейлердің қалдықтары болуы мүмкін.

Рекордтық төмен температура

Финляндия ХХІ ғасырдағы температура рекордын орнатты. Сынап бағанасы минус 44,3 градусқа жетті. Финляндия метеорологиялық институты хабарлауынша, түнгі ең төменгі температура Энонтекихо әуежайында тіркелген.

Елдің оңтүстік және оңтүстік-батысындағы аяз салдарынан 20 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды. Сонымен қатар, финдік VR теміржол компаниясының қатты аязға байланысты пойыздарын тоқтатуы 10 мыңға жуық жолаушыға әсер еткен.

«Тетристі» аяқтаған алғашқы адам

Америкалық жасөспірім Уиллис Гибсон «Тетрис» компьютерлік басқатырғыш ойынын аяқтаған тарихтағы бірінші адам атанды. Бұл туралы «The New York Times» хабарлады.

Көптеген жылдар адамдар ойынның 29-деңгейінен аса алмай келген. 21 желтоқсанда 13 жасар Уиллис Гибсон бұл шекараларды еңсерді. Өз кезегінде «Life» бұған дейін ойында соңғы деңгейге тек жасанды интеллект жеткенін жазады.

Microsoft пернетақтаға жаңа батырма қосады

Америкалық Microsoft компаниясы серіктестері шығарған пернетақталарға Windows 11 жүйесіне енгізілген Copilot жасанды интеллектінің негізіндегі чат-ботқа жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы батырма қосады. Бұл туралы компанияның блогында хабарланады.

Copilot пернесін енгізу Windows 11 пернетақтасының соңғы отыз жылдағы алғашқы елеулі өзгерісі болады. Бұл адамдарды жасанды интеллектті пайдалануды жеңілдетуге ынталандырмақ.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<