Дүние дүрмек

254

0

Екі айдан бері тәжірибе жүргізуде

Қытайдың «Шэньчжоу-18» ғарыш кемесі ғарышта 2 айдан бері ғылыми тәжірибе жүргізіп жатыр.

Тяньгун орбиталық станциясы жұмыс барысындағы көріністі жария етті. Қытайдың үш ғарышкері 25 сәуірде 6 айлық миссияға аттанған еді.

Сапар мақсаты – микрогравитация, ғарыштық материалтану, ғарыштық медицина және технологиялар төңірегінде ақпарат жинау. Экипаж өкілдерінің айтуынша, 90-нан астам эксперимент жүргізу жоспарда бар.

Қуаңшылықғаламдық проблема

Қызылшаны өсіру, күтіп-баптау, одан қант шығару оңай емес. Британиялық диқандар 300 тонна қант қызылшасы кеуіп қалғанын айтады. Себебі – құрғақшылық.

Климаттың өзгеруі онсыз да тұралап тұрған кәсіпті одан сайын іске алғысыз етті. Жалпы әлемде қызылша алқаптары ғана емес, барлық жер ресурстарының 40%-ның тозығы жеткен.

Шөлейттену және құрғақшылықпен күресудің дүниежүзілік күнінде көп дерек айтылды. Қуаңшылық – өте өзекті мәселе. Әлемде секунд сайын 4 футбол алаңына тең жер тозып, жылда 100 миллион гектар аумақ жарамсыз болып қалады екен.

Италия – Еуроодақтағы қарты көп ел

2030 жылға қарай әлемде алпысты алқымдаған қарт кісілердің саны 1 миллиард 400 миллионға жетеді.

Осылайша көрсеткіш жастар санынан асып түседі. Бұлай деп Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Әсіресе кәрі құрлық тұрғындары тез қартайып жатыр. «Бұл өмір сүру ұзақтығының артуы және туу көрсеткішінің төмендеуімен байланысты» дейді сарапшылар.

Италия – Еуроодақтағы қарты көп ел. Мұнда жалпы халықтың 24%-ы – 65 жастан асқандар. Бұл өз кезегінде мемлекетке зейнетақы төлеу, денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету сияқты көп міндеттеме жүктейді.

Екі есе қымбаттаған

Түркияда мал бағасы былтырға қарағанда екі есе қымбаттады. Бұған жем-шөп құнының өсуі мен басқа да шаруашылық шығындардың артуы себеп.

Бір қарағанда бәрі әдеттегідей көрінгенімен, биыл төрт түліктің бағасы аспандап тұр. Теңгеге шаққанда ірі қара малдың құны шамамен 1 млн мен 3,5 млн аралығында. Қой мен ешкі 110 мың мен 350 мың теңге шамасында саудаланып жатыр. Жыл сайын Құрбан айт кезінде мал базарға 2,5 миллион қой мен ешкі, 800 мыңға жуық ірі қара жеткізіледі екен.

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<