Дүние дүрмек

29

0

Барак пен Мишель кімді қолдайды?

Барак пен Мишель Обама вице-президент Камала Харриске қарашадағы сайлауда қолдау білдіретінін айтты деп хабарлайды Нұр.kz.

Олар Камала Харриске телефон соғып, оның Америка Құрама Штаттарының фантастикалық президенті болады деп ойлайтындарын жеткізген. «Еліміз үшін осынау қиын кезеңде біз оның қараша айында жеңіске жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сіз бізге қосыласыз деп үміттенеміз» деп жазады Барак Обама X әлеуметтік желісінде.

Бұл қоңырауды Харристің өзі растап отыр.

«Сіздің қолдауыңызға ие болу – өте маңызды» деп жазады вице-президент Обамамен телефон арқылы сөйлескен видеосын бөлісу үстінде. 

Айта кетейік, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 22 шілдеде президенттік сайлаудан бас тартқанын мәлімдеді. Ол сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтқан еді.

Апат аймағында 628 мың адам болған

Қытайдағы «Гаеми» тайфуны қатты соққы болып тұр. Оның салдарынан мыңдаған адам апат аймағында қалды.

«Гаеми» тайфуны Фуцзянь провинциясы маңындағы Қытайдың материктік жағалауына соққан. Провинция билігі қауіпті аймақтан 150 мың тұрғынды алдын ала эвакуациялады.

Бұған дейін тайфун Путянь қалалық округінің жағалау аймағына соғып, солтүстік-батыс бағытта сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүріп өтті. Циклонның орталық бөлігіндегі желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетті.

Фуцзянь теңіз істері басқармасы жағалауға қосымша үш құтқару тікұшағы мен үш құтқару кемесін, сондай-ақ төтенше жағдайларға жауап беруге дайын 49 патрульдік қайық пен 100-ден астам сүйретпе жібергені хабарланды.

Сәрсенбіге қараған түні тайфун Тайваньның шығыс жағалауына Илань округінің маңына келді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 5 адам тайфун соққысының құрбаны болса, 500-ден астамы белгілі бір дәрежеде зардап шеккен.

Қала мэрі тұрғындармен серуендеуге шығады

Италияның Вальдоббьядене қаласының мэрі Лучано Фрегонезе арықтау үшін тұрғындармен апта сайын серуендеуге шығады деп жазады «ҚазАқпарат» TheGuardian-ге сілтеме жасап.

Лучано Фрегонезе 47 жаста, салмағы 140 келі. Маусым айында ол үшінші рет Вальдоббьядене мэрі болып қайта сайланды. Одан кейін салауатты өмір салтын ұстанып, 90 келіге дейін салмақ тастауға ниет еткен. Оның осыдан 10 жыл бұрын алғаш әкім болып сайланған кездегі салмағы дәл осындай болған.

Қала басшысы артық салмақтың негізгі себебі оның отырықшы өмір салты, жалқаулық, физикалық белсенділіктің болмауы және дәмді тағамға деген сүйіспеншілігі екенін мойындайды.

Лучано Фрегонезе қала қабырғаларының біріндегі «семіз адам» деген жазуды көргеннен кейін жүгіруге шыға бастады. Қабырғадағы жазудың фотосуреті әлеуметтік желілерде тез тараған тәрізді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<