Дүние дүрмек

254

0

Тағы да шабуыл жасалды

АҚШ-тың бұрынғы президенті және қайтадан президенттікке үміткер болған Дональд Трампқа кезекті мәрте қарулы шабуыл жасалды.

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған.

Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді. Трамп маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды.

Бір тұрғынға төрт туристен

Әлемде туристердің көптігінен ең қатты зардап шегетін мемлекет – Австрия.

«Мани Трансферс» британдық қаржы компаниясының зерттеу нәтижесі осындай. Мұнда халық саны 9 миллионнан асады. Жыл сайын елге 32 миллионға жуық демалушы бас сұғады. Сонда әрбір тұрғынға шамамен 4 саяхатшыдан келеді екен. Салдарынан демалушылар арасындағы танымал орындарда баспана бағасы қымбаттап, көлік кептелісі туындайды.

Бүгінде саяхатшылардың көптігінен Италия, Испания мен Жапония секілді мемлекеттер шектеу шараларын енгізіп, сырттан келгендер үшін алым мөлшерін ұлғайтып жатыр.

Демографиялық ахуал

2070 жылы Грекия халқының төрттен бірі қысқаруы мүмкін. Қазір елде 10 миллионнан аса адам тұрады. Кейінгі жылдары Эллада елінде бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Былтыр 92 мың сәби дүниеге келсе, 108 мың адам қайтыс болған.

Демографиялық ахуалдың нашарлауына экономикалық қиындықтар себеп. Салдарынан кейінгі 10 жылда жарты миллионға жуық жас адам елден кетіп қалған. Грекияда жастар екі қолға бір күрек таппай, бала жоспарлауды кейінге ысырып қояды.

Мәселенің ушыққаны соншалық, былтыр Эллада елінде демография мәселесін шешумен айналысатын министрлік құрылды. Бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін ұлғайтып, отбасылар үшін салық жеңілдіктерін енгізген.        

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<