Дүние дүрмек

303

0

Әр оныншы жеткіншек

Әлемдегі әр оныншы жеткіншек әлеуметтік желі мен компьютер ойындарына тәуелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай дейді. Олардың жүргізген зерттеуіне АҚШ, Канада, Еуропа мен Орталық Азиядан 280 мың жасөспірім қатысқан.

Солардың ішінде қыздар әлеуметтік желіде көп отыратындарын мойындаған. Ал ұл балалар компьютерлік ойындардан бас тарта алмайтындарын айтқан. Соның кесірінен көбінде оқу үлгерімі мен ұйқысы нашарлап кеткен.

 Туризмді дамытудың амалдары

Туризм қарқынды дамып келе жатқан елдің бірі – Қытай. Елдің туристік аймақтарын көруге дүниежүзінен саяхатшылар ағыла бастады.

 Ал ішкі туризм бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Әсіресе жазғы демалыс уақытында демалушылар саны миллиондап емес, миллиардтап артқан. Қазір Қытай билігі пандемия кезінде тұралап қалған туризмді дамыту үшін түрлі амалдарға барып жатыр. Туристердің артуына ең бірінші визасыз режим тікелей әсер еткен.

Жаңа саясат саяхатшыларға ыңғайлы. Шетелдіктердің Қытайға келуін әлдеқайда жеңілдетіп отыр. Бүгінде ел аумағында 144 сағаттық транзит кезінде виза рәсімдеу міндетті емес.

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<