Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел өтті

1791

0

Халықаралық еңбек ұйымының (International Labour Organization, ILO) бастамасымен дүниежүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында
28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып келеді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық еңбеккерлер жұмыс орындарында жарақат алған немесе қаза болған жұмысшыларды еске алу мақсатында алғаш рет қаза болған еңбеккерлерді еске алу күнінен бастау алады.

Қазақстан Республикасы ХЕҰ-ның 1993 жылдан бастап мүшесі болып табылады және осы уақыт ішінде 20 конвенция ратификацияланды, оның ішінде еңбек инспекциясы туралы.

Еңбекті қорғау күнін атап өтудің негізгі идеясы ол жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жұртшылықтың назарын еңбекті қорғаудың шешілмеген проблемаларына аудару мақсат етеді, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге ықпал етуге бағытталған.

Өздеріңізге мәлім, дүниежүзін жаулаған COVID -19 пандемия кезеңінде әлеуметтік әріптестердің Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің, қызметкерлердің және барлық мүдделі тараптардың еңбекті қорғаудың сенімді жүйесінің, қалыпты еңбек жағдайларын сақтауға және қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге жұмыс істейтіндігіне көз жеткізді.

ХЕҰ мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзі бойынша 2,3 млн. астам еңбеккерлер жұмыс орындарында жазатайым жағдайдан немесе кәсіби аурулардың салдарынан қаза болады. ТМД елдерінде жыл сайын 12 миллионға жуық адам өндірістегі жазатайым жағдайдың құрбаны болады. Елімізде кәсіпорындарында 2021 жылы 1467-ден астам қызметкер жарақат алады.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында 2021 жылы 370 мыңнан астам қызметкер жұмыс істеді: шу мен дірілдің жоғары деңгейі жағдайында әрбір екінші (45,9%), жұмыс аймағының жоғары газдануы мен шаңдануы жағдайында әрбір үшінші (32,6%) жұмыскер еңбек етті. 94 мың адам немесе сауалнамаға қатысқан кәсіпорындар қызметкерлерінің санынан 5,6%-ы ауыр дене еңбегімен айналысқан.

Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел өтті

“Жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын азайту мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен 2019 жылы Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасы бекітілді.

Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Осы орайда, әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басым орында болуы тиіс.

Әлеуметке бағдарланған кез-келген кәсіпорын бәрінен бұрын апаттың, жарақаттанушылықтың және кәсіби аурулар деңгейін төмендетуге мүдделі. Бүгінгі күні облыстық кәсіподақтармен «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан аясында жазатайым оқиғаларға жүргізілген талдау жасау, нәтижесімен өндірістік жарақаттану бойынша тәуекел дәрежесі жоғары кәсіпорындар, (деп танылған 27 кәсіпорында) «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қатаң бақылауды, профилактикалық жұмыстар жүргізуді, жазатайым оқиғалардың орын алуын алдын алу және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды оқуды ұымдастыруда және «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылуға жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, мекемелер мен кәсіпорындарда кәсіподақтардың бастамасымен 736 өндірістік кеңестер құрылып жұмыс жасауда. Кәсіподағы бар кәсіпорындардағы 758  техникалық инспекторлар біліктілік талаптары үнемі  артыру мақсатында оқу-семинарлар ұйымдастырылып түрлі деңгейде жарыстарға қатысып жүлделі орындарға иелунуде.

Еңбекті қорғаудың басты мақсаты қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау болып табылады. Адамдар-ең құнды ресурс, сондықтан адам өмірін сақтау және қамқорлық ауданның барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілерінің (басшыларының) басты міндеті болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілері мен қызметкерлері ХЕҰ  қолдайды және қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуға лайықты үлес қосады деп үміттенеміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<