«Дұрыс білмедік». Түркияда клубқа барған мұғалімдердің шындығы қандай?

464

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылордада демалыс уақытында клубқа барған мұғалімдер мәселенің мән-жайын ашып айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осыған дейін Түркияда демалыс уақытында қыдырған мұғалімдердің жұмыстан шығарылғаны туралы айтылған. «Астарлы ақиқат» бағдарламасына барған қос мұғалім өз ақиқатын жеткізді.

Демалыс уақытында достарымызбен сол клубта 40 минуттай уақыт өткіздік. Бірақ тараған бейнероликтегідей шоу соңғы 20-минутта ғана болды. Біз ол жерді дұрыс білмедік, сол кезде жай ғана кіріп, шығайық деп ойладық, – дейді ағылшын пәнінің мұғалімі Ақерке Жұмабаева.

Сондай-ақ ол мектеп директоры тарапынан өзіне қысым көрсетілгенін және әлеуметтік желілерге ақпаратты арнайы таратуға тапсырма бергенін айтады.

Ал бағдарлама сарапшылары мұғалімнің этиканы сақтамағанын айтса, заңгер Азамат Талғатұлы кінәлілер тиісті жаза алулары керек дейді.

Мәселеге қатысты оқырмандар мұғалімді қолдап, қолдау білдіруде.

Мұғалім мектепте мұғалім, қалған уақытта оның жеке өміріне ешкімнің араласуға құқығы жоқ, болған жағдайға өкініп тұрғаны көрініп тұр, Неге тілшілер мектепке барса мектеп директорлары бірден ауырып қалады, осы, – деп жазады олар.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда түнгі клубта қыдырған қызылордалық мұғалімдер жұмыстан қуылған болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<