20 тамыз, дүйсенбі күні атмосфералық тұтас бұлттардың келуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Қатты жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік өңірлерде тұман түседі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 20 тамызда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерлерде күшті жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Бұршақ жауады деп күтілуде. Қызылорда облысының кей аймақтарында күн күркіреп, дауыл соғады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысында да солай – дауыл, найзағай. Желдің қарқыны – 15-24 м/с. Шығыс Қазақстанда және түнде Ақтөбе облысында күн күркіреп, жел секундына 15-20 секундқа дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Желдің екпіні – 15-23 м/с. Күндіз күн күркірейді. Атырау облысында түнде қатты жел тұрады. Маңғыстау өңірінде түнде кей жерлерде күн күркірейді. Алматы облысында аптап ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<