Әйгілі актер Джеки Чан қазақстандықтарға видеожолдау жолдап, коронавирусқа қарсы күресте қолдау білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Актердың видеожолдауын өзінің instagram парақшасында Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин жариялады.
«Менің есімім – Джеки Чан. Апаттар әдетте қатігез. Бірақ адамдардың жүрегінің алдындағы махабаттың алдында олар да дәрменсіз. Біз міндетті түрде бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Сонда ғана вирусқа қарсы күресте жеңіп шығамыз. Мықты бол, Қытай! Мықты бол, Қазақстан! Біз біргеміз!», – дейді Джеки Чан.
Айта кетсек осыдан біршама уақыт бұрын бірқатар БАҚ-та актер коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Соның ішінде шетелдік тілшілер Джеки Чанның Гонконгтегі кешінен кейін карантинге жатқызылғанын жазған еді. Алайда актер бұл ақпаратты жоққа шығарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<