«Е-өтініш» деген не?

6670

0

«Е-өтініш» − азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған ақпараттық жүйе. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында құрылған. Өтінішті үйден шықпай-ақ қалай беруге болады, бұл туралы облыстық әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Қосбергенова айтты.

Жұмыстың  барлық  процестерін цифрландыру өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтайды. Мемлекеттік органдар арасындағы сұраныс санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартады. Өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар етуге қолайлы. Мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасы қалыптасқан. Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатуға және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі талдаудан өткізіледі. Бұл жазылымнан бас тарту фактілерінің жолын кесуге ықпал етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастырады.

Жеке немесе заңды тұлға өтініш беру үшін Google арқылы  «Е-өтініш» теріп, E-otinish.kz сайтына өтеді. Әрі қарай өтініш беру батырмасын басу арқылы ЭЦҚ-кілтімен кез келген мемлекеттік мекемеге өз сауалын жібере алады. Еске сала кетейік, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтінішті, хабарды, ұсынысты, үн қатуды, сұрау салуды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

Дайындаған

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<