Егін алқаптарына мал түсуін тоқтату мәселесі талқыланды

436

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгінгі таңда егіс алқаптарында егіннің пісіп, диқандардың орақ салуға дайындығының қызған шағы. Алайда шаруашылықтар мен тұрғындардың малдары егін алқаптарына түсіп, дихандарға біршама шығын келтіруде.Бүгін осыған сәйкес аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, егіс алқаптарына малдардың түсуін тоқтату мәселесі қаралды. Егістік басындағы қазіргі жағдай туралы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов баяндады.

Аудан басшысы жайылымдағы қараусыз малдар егінге ауыз салып, дихандарға қыруар шығын келтіріп жатқанын айтып өтті. Осы орайда дихандардың еткен еңбегі мен төккен тері зая кетпеуі үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажеттігін ескертті. Орақ салу кезеңіне дейінгі егістік алқаптарының толық сақталуын және де әрбір гектарынан тиісті көлемде өнімнің жиналуына бірге атсалысуымыз қажет, – деген аудан басшысы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғани Құрманалиевпен аудандық ветеринариялық станциясы директорының орынбасарына тиісті ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, егістік алқаптарына түскен малдың иесін анықтап, айыппұл салуға жұмыс жасауды тапсырды.

Сонымен қатар аудан көлемінде егістік жерлерді малдан қоруға байланысты құрылған штаб мүшелері ауыл шаруашылығы құрылымдарымен бірге әрбір ауылдық округтерде штаб отырыстарын өткізу жөнінде тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<