Егін шаруашылығында жаңа технология қолданылмақ

1137

0

Ы.Жақаев атындағы Қазақ Күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ФАО-ГЭФ «Орталық Азия мен Түркиядағы құрғақшылыққа және сортаңданған ауылшаруашылық өндірістеріндегі табиғи ресурстарды кешенді басқару» жобасы аясында «Қызылорда облысында тұзданған және тозған суармалы жерлерді қалпына келтіру және күріш өсірудің озық тәжірибесін тарату» тақырыбындағы конференциясы мен ауыл-аудандарда жүргізген семинар-тренингтерін қорытындылады.

Табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен жайылымдық жерлер артып, суару және жаңбыр суымен, тұздану әсерінен топырақтың құнарлылығының қоректік заттардың шығуы азайып, суармалы алқаптар қысқарады, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі төмендейді, су мен топырақтың ластануы күшейіп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жекелеген түрлері жойылып кетеді.

Қазақстанда ауылшаруашылық жерлерінің аумағы 226,6 млн гектарды құрайды, оның 2,3 млн гектары – суармалы жерлер. Қызылорда облысында суармалы жерлердің жалпы ауданы 231400 гектардықұрайды, оның 178100 гектары инженерлік-жоспарланған жерлер, ауыспалы егістердің көп бөлігін күріш егістігі   алады.

Қызылорда облысының табиғи факторларымен ресурстық қамтамасыз етілуі айтарлықтай жоғары және бұл дақылдың шығымдылығын 5,0-5,5 т/га деңгейінде және егіс алаңы 75-80 мың га2 болған кезде 415-440 мың тонна құнды азық-түлік астығының тұрақты жалпы жиналымын ұстап тұра алады.

Алайда, соңғы жылдары кейбір шаруа қожалықтарында күріш өнімділігі жоспарланған деңгейден төмендеді. Мұның негізгі себептері – ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуынан суармалы жерлердің экологиялық және мелиоративті жағдайының нашарлауы, агротехниканың сақталмауы және т.б.

Сондықтан Арал өңіріндегі күріш өсіру аймағында егістік жерлер мен ауыспалы егіс алқаптарын, сондай-ақ инженерлік және ирригациялық жүйелерді тиімді пайдалану үлкен маңызға ие. Аймақтағы жерлер құлдырауды жалғастыруда, ауыспалы егістер мен дақылдарды өсіру технологиясы бұзылуда.

Осыған байланысты, ФАО-ның жобасы аясында «Ы.Жақаев атындағы Қазақ  күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС күріш топырағының тұз режимін реттеудің инновациялық тәсілдерін енгізу, күріш ауыспалы егістерінде қант құмайын өсіру және жергілікті селекцияның түйежоңышқаның «Алаула» жоғары өнімді сортын өсіру есебінен суармалы топырақты тұздануы бойынша күріш топырақтарының тұз режимін реттеудің инновациялық технологиясын енгізу, технологияларды іске асырды. Мұның бәрі суармалы жерлердің құнарлылығын арттыруға, өнімділікті жақсарту және фермерлердің әл-ауқатын арттыру үшін жер ресурстарын тұрақты басқарудың тәсілдері мен құралдарын жетілдіруге бағытталған.

Жоба қатты және орташа тұзды топырақтарда жүзеге асырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – Қызылорда облысының шаруашылықтарында қатты және орташа тұзды топырақтарды тұзсыздандыру элементтері мен технологияларын ауқымды тираждау (тарату).

Жобаны іске асыру үшін 2020 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының ФАО Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Коммерциялық емес АҚ арасында келісім жасалды. ФАО мен ҰАҒБО арасында жасалған келісім шеңберіндегі іс – шараларды іске асыруды «ҰАҒБО» КЕАҚ еншілес ұйымы – «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жүргізді.

Түйежоңышының «Алаула» сорты мен қант құмайы дақылын өсіру және чизель агрегатымен терең өңдеу технологияларына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша фенологиялық бақылаулар үнемі жүргізіліп, егістіктерге күтім жасалды.

Ағымдағы жылы «Жаңа Жол» ЖШС түйежоңышқаның Алаула сортын енгізу бойынша 5 га алаңға тәжірибе жүргізілді.

Өсімдіктің белсенді өсуі сабақ түзу кезеңінен кейін байқалды. Бұтақтану фазасының ұзақ болуы биологиялық сипаттамалары бойынша «Алаула» сортыны кеш пісетін сорттар қатарына жататындығымен түсіндіріледі.

Өсімдік өскіндерінің толық шығуы, оның өнімділігіне тәуелді болатын шөптің бастапқы тығыздығын құрудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өскіндердің тығыздығы тұқымның далалық өнгіштігіне байланысты. Біздің тәжірибелерімізде өсімдіктердің сақталуы өскіндердің толықтығына және вегетациялық кезеңнің метеорологиялық жағдайларына байланысты болды. Өсімдіктердің далалық өнгіштігі және ылғалмен қамтамасыз етілуі неғұрлым жоғары болса, өсімдіктердің қауіпсіздігі соғұрлым жоғары болады.

Түйежоңышқаның «Алаула» сортының жасыл массаның өнімділігі 120 ц/га құрады, бұл st Ақбас (90 ц/га) – дан 30 ц/га-ға жоғары. Түйежоңышқа-екі жылдық дақыл болғандықтан, дақыл тұқымы 2021 жылы алынады.

Жалағаш ауданының «Ер-Әлі» ШҚ  5,0 га көрсетілім учаскесінде топырақты терең өңдеу технологиясы енгізілді. Топырақ тұздылығын төмендетудің инновациялық технологиясының тиімділігін анықтау үшін, екі учаскеге жоба бойынша күріш дақылы егілді:

​ 1) топырақты терең өңдеу арқылы;

2) топырақты дәстүрлі әдіспен өңдеу.

Күріштің «Лидер»  сорты егілді, оның вегетациялық кезеңі 120-125 күн.

Топырақты терең өңдеу технологиясы бойынша мониторингтік жұмыстар терең қопсытқышпен өңделген атыздағы талдауға сәйкес, тұздану дәрежесі 1,4 г/л,  топырақты дәстүрлі әдіспен өңделген атыздағы көрсеткішпен салыстырғанда – 1,8 құрағанын көрсетті. Учаске топырағының рН деңгейі сәл сілтілі. Биометриялық талдау жасау үшін, атыздағы өсімдіктер алынды. Терең өңдеу әдісімен өңделген атыздағы күріш өсімдіктері дәстүрлі әдіспен өңделген атыздағы өсімдіктермен салыстырғанда, биіктігі (120-125 см), дәнділігі (1 масақта 100 дана толық тұқым), дәнді толтыру жағынан едәуір асып түседі.

«Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Қарауылтөбе ғылыми-өндірістік учаскесінде биылғы жылы қант құмайының «Қазақстан-16» және «Қазақстан-20″сорттары егілді.

Егін жинау алдында бұл дақылдың дәнінің ылғалдылығы жоғары, ал сабақтары мен жапырақтары әлі де жасыл және шырынды, оларды сүрлемге пайдалануға болады. Дақыл Lovol GM-80 комбайнымен тікелей жиналды.​ Дәндік қант құмайының өнімділігі 1,0-1,2 т / га құрады, көк балаусасы ПИК-100 комбайнымен жүргізілді, оның өнімділігі 270 ц/га құрады.

Қант құмайы (376 мг/л) және түйежоңышқа (299 мг/л) сияқты дақылдардың фитомелиоративті қасиеттері топырақтағы тұз мөлшерінің төмендеуіне әсер етеді. Сондай – ақ, бұл дақылдар топырақты органикалық заттармен байытады, бұл қант құмайы дақылын өсіру кезінде қарашірік құрамының 0,26% – ға, түйежоңышқаны өсіру кезінде 0,35% – ға артқаны белгілі болды.

Бұл технологиялар келер жылдан бастап егін жерлерінің құрғақшылығы мен тұздануына қарсы өңіріміздің шаруа қожалықтарында қолданылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<