Егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

408

0

Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасы ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Негізгі міндеттердің бірі – егін жинау науқанын жоғары қауіпсіздік жағдайында өткізу. Өрт егін мен ауыл шаруашылығы техникаларына үлкен зиян келтіреді. Оның алдын алу үшін келесі талаптарды орындау қажет:

1. Алқаптардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль жолдарына және теміржолдарға іргелес жерлерінің ені кемінде 4 метр жолақ етіп шабылып, жыртылуға тиіс.

2. Дәнді дақылдарды жинау астық алқаптарын ауданы 50 гектардан аспайтын учаскелерге бөлуден басталуы керек. Учаскелер арасында ені кемінде 8 метр шалғылар жасалғаны жөн. Шалғы жолының ортасының ені кемінде 4 метр болатындай жыртылады.

3. Жиналатын астық алқаптарына жақын жерде өрт болған жағдайда трактор мен соқа дайын болуы қажет.

4. Жинау комбайндары, жем-шөп жинау машиналарын пайдалану кезінде механикалық және жылу жүйесі зақымдануы мүмкін жерлерде электр сымдарын мықтап бекітіп, оларды сенімді түрде қорғау қажет. Үйкеліс пайда болмау үшін айналмалы бөліктер  бекітіледі.

5. Мойынтіректер қызып кетпесін және оларды уақытылы майлаңыз. Жанудың басталуын уақытылы анықтау және сөндіру үшін шаралар қабылдау керек. Комбайнды, машинаны, әсіресе олардың ізін жүйелі түрде бақылаңыз.

6. Іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралының жүргізушісі ауысымына кемінде 2-3 рет қозғалтқыш, коллектор, пайдаланылған газ шығатын құбыр және  ұшқын сөндіргіштің бетін шаң мен күйіктен тазартып отыруы тиіс.

7. Жем дайындау кезінде қолданылатын өздігінен жүретін шассилер, шөп шапқыштар, тракторлар, автомобильдер мен комбайндар қозғалтқыштарының шығару құбырлары жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы керек. Жер жыртумен айналысатын тракторлар үшін де солай.

8. Өрттің астық массиві бойынша таралуын шектеу үшін жану аймағының айналасын жырту қажет. Оның орны оттың таралу жылдамдығы мен желдің бағытын ескере отырып таңдалғаны жөн.

Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<