Егістік алқаптарын аралады

512

0

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Жалаңтөс батыр» ЖШС-ның күріш алқабына барып, егістікті суға бастыру жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі су деңгейінің аз болуына байланысты барлық шаруашылықтардың егіс алқабтарын суландыру жұмыстарында қиындықтар бар. Осының салдарынан кей каналдарға мүлде су жетпей тұр.

Бұл мәселені ішінара шешу мақсатында «Жалаңтөс батыр» ЖШС-і «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің биыл су тапшылығының алдын алуға байланысты алған 2 насосын пайдалануда.

Шаруашылықтағы қиыншылықтар жөнінде «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры Қасқырбай Әлімбай аудан басшысына егжей-тегжейлі айтып берді. «Жалаңтөс батыр» ЖШС дихандары биыл 500 гектар жерге күріш еккен. Аталған аумақта 50 га мақсары, 150 гектар жаңа жоңышқа, 400 ескі жоңышқа күтіп бапталуда. Қазіргі таңда мұнда алғашқы суға бастыру жұмыстары жүріп жатыр. Мұхтар Әуесұлы шаруалардың жұмысына сәттілік тілеп, биылғы жылы жоғары көрсеткіш көрсетіп, молшылықта қауышуды айтты. Айта кетейік, аудан әкімі бұдан бөлек Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржаны» ЖШС-нің күріш алқабымен де танысты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<