Екі айда 40 млн теңге алимент өндірді

662

0

Облыс прокуратурасы биыл алимент өндіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды.Прокуратура органдары арқылы Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілген.

Нәтижесінде биыл екі айда 43 жалғыз басты аналардың пайдасына 40 млн теңге алимент берешегі өндіріліп, 64 борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 21 жеке сот орындаушыға алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік көрілді.

Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелсе, оның 4-уі қылмыстық жауаптылыққа, қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде.

Мысалы, борышкер Н.Н. өндіріп алушы Ж.А-ның пайдасына 2,9 млн теңге алимент берешегін төлеу үшін жұмыссыз ретінде тіркелмей, өзінің жалдамалы жұмыстардан тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған.

Осыған орай Қармақшы ауданының прокуратурасы арқылы Н.Н-ге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, соттың үкімімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ биыл прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдардың қатысуымен ведомствоаралық мәжіліс өткізіліп, онда әділет және полиция органдарының, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшыларына жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар жүргізу, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, алимент санатындағы атқарушылық өндірістерді ерекше бақылауға алу, борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жұмыстарын күшейту тапсырылған.

Бұл міндеттерді орындау облыс прокуратурасында тоқсан сайын қаралмақ.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<