Екіжақты меморандумға қол қойылды

664

0

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қаладағы бірқатар ірі сауда үйлері, сауда желілері, азық-түлік базарларының басшылары және бөлшек саудамен айныласатын кәсіпкерлермен, тауар жеткізуші кәсіпорындармен ортақ меморандумға қол қойды.

Тараптар Қызылорда қаласының ішкі нарығында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарының бағасын негізсіз қымбаттатпау және бағаны тұрақтандыру бойынша өзара әріптестікке қол жеткізді. Ұн, қант, сүт, ет, жуа, картоп  – халықтың күнбе-күн тұтынып отырған тағамдары. Сондықтан қала әкімдігі тарапынан аталған азық-түлік тауарларына әлеуметтік маңыз беріліп, бағаны бақылауды меморандум арқылы жүзеге асырмақ.

Бұдан бөлек қаладағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында күнделікті тиісті шаралар қабылданып, баға бойынша мониторинг үздіксіз жүргізіліп келеді. Бүгінде қала аумағында халыққа арзандатылған бағада азық-түлік  өнімдерін ұсынатын 30 әлеуметтік дүкен мен 300-ден аса тауар түрінің бағасын көпке қолжетімді ететін «Әлеуметтік маркет» жұмыс істеуде. Сонымен бірге тұрғындарды нарық бағасынан 10-15 процентке төмендетілген өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында  ірі сауда орындарында әлеуметтік сөрелер орналастырылған. Әлеуметтік бұрыштар «Қызылорда», «Ажар Сити», «Мирас», «Анвар», «Аль-Асад» сауда үйлерінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. Алдағы уақытта басқа да сауда үйлерінде әлеуметтік бұрыштар ашу жаңа меморандум арқылы мүмкін болмақ.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<