Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміз биік көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл індет – адамзат баласына жат қасиет. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп-өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Ал, оны жою – баршамыз үшін ортақ міндет.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Осы орайда, мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стратегияның негізі салық қызметтері қызметінің неғұрлым сыбайлас жемқорлық аймақтарын анықтау, мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтар – салық төлеушілер арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерге ықпал ететін факторларды жою. Бұл ретте қызметкерлер үнемі салық, кеден, әкімшілік және жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларың қатаң сақталуын қамтамасыз етуде.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер мен салық төлеушілер сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністерге бірге қарсы тұрғанда ғана сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойып, оны жеңуге болады.
Шолпан Сыдықова,
облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<