Ел қазынасы еселене береді

588

0

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 5 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынды аш­қан облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов осыдан бес жыл бұрын Елбасы Жар­лығымен Салық және Кеден комитеттерін қосу жолымен, сондай-ақ тар­қатылған эко­номикалық және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агент­тігінің қаржылық және эко­номикалық қылмысты тергеу функциясын бере отырып, ҚР Қаржы министрлігінің Мем­лекеттік кірістер комитетін құру жүзеге асқанын атап өтті. Міне, осы уақыттан бері аталған комитеттің облыс бойынша депар­таменті Сыр өңірінің бол­жам­далған кіріс көздері бо­йынша салықтық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етіп келеді. Облыс әкімінің орынбасары департамент ұжымына және сала ардагерлеріне жылы лебізін білдіріп, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың құттықтауын жет­кізді.

«Тәуелсіз Қазақстанның және Сыр елінің қазынасын көбейтіп, кірісін арттыруға, сол арқылы өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздер өңір кірісін молайтып қана қоймай, сонымен қа­тар салық төлеушілердің құ­қықтық сауаттылығын ар­т­тыру­ға тынбай еңбек етіп ке­лесіздер. Алдағы уақытта да ел мүддесі мен халық игілігі жолында аянбай жұмыс жүргізе беретіндеріңізге кәміл сенемін. Қажырлы еңбектеріңізге табыс, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілей­мін!» делінген аймақ басшы­сының құттықтауында.

Салтанатты жиында мем­лекеттік кірістер жүйесінің да­­муына елеулі үлес қосқан сала мамандары облыс әкімінің «Алғыс хаты­мен», «Мемлекеттік кіріс­­тер органының үздігі» төс­­бел­­гі­сімен, Қаржы министр­лігі­нің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Сондай-ақ «Nur Otan» пар­­тиясы облыстық филиалы төр­ағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова, мем­ле­кеттік кірістер органы арда­герлер кеңесінің төрағасы Дайрабай Ысқақов, облыс бойынша мемлекеттік кірістер де­­пар­­таментінің басшысы Ғалымжан Орынов құттықтау лебіздерін жеткізді. Ардагерлер мен сала мамандарына мемлекеттік кіріс­тер комитетінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», «Nur Otan» партиясының «Алғыс хаты», департаменттің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаты» табыс етілді. Сондай-ақ, «Үздік салық төлеуші», «Сыртқы эконо­микалық қызметтің үздік қатысу­шысы» және «Үздік кедендік брокер» номинациялары бойынша  «Автомобиль жол басқармасы», «СПК Қызылорда балық» және «Краун Триумф» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері марапатталды. Департаменттің сан-салалы қызметін қоғамға танымал етіп жариялауға үлес қосып жүрген бірқатар журналистерге де  құттықтаулар табыс етілді.

Шара соңы әншілер мен бишілер және депар­таменттің өнерпаз мүшелері қатысқан концертпен өрнектелді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<