Ел бірлігін бекемдейтін мереке

1129

0

Құрметті әріптестер! Баршаңызды бүгінгі келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Алғыс айту күнін ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы деп түсінгеніміз абзал. Сондай-ақ бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі. Иә, Алғыс айту күні – ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды берік қылатын түсетін ортақ мереке.

Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске разылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Айтулы күні жақсылықты бағалай білер, әр іске жақсылықпен жауап қайтаратын, өзара сыйластық пен бір-біріне құрмет танытып жүрген өз ұжымыма шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Ең бастысы, бала тәрбиесі мен біліміне, тәртібі мен денсаулығына еңбек сіңіріп жүрген 120-дан қызметкердің барлығына ерекше рақметімді айтамын. Расымен де осындай құндылықтарды берік ұстанған біздің мектеп-интернат ұжымының ауызбіршілігі бұрынғыдан да нығая түсері анық.

Көктем – мерекелер айы. Алда қыз-келіншектердің де төл мейрамы келе жатыр. Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің даму сатысында да нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының үлесі жатыр. Олай болса, ұжымдағы сұлуларды алдағы 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, барлықтарыңызға отбасы бақыты мен берекесін тілеймін.

Ендеше, жан жадыратар көктемгі көңіл күйлеріңіз әрдайым көтеріңкі болуына тілектеспін. Елге қызмет жолында жақсылығымыз бен айтар алғысымыз мол болғай. Сіздерді осы айтулы мерекелермен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін.

Перизат ЖҰМАТОВА,

 №7 арнайы түзету

мектеп-интернатының директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<