А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде кезектен тыс Президент сайлауына арналған облыстық форум өтті.
Форумда айтыскер ақын М.Ниязов, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалы жетекшісінің орынбасары Ю.Ким, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Б.Таңбаева, облыстық мәслихат депутаты Ш.Әбдікәрімов, Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Ж.Жаншораев сөз сөйлеп, жұртшылықты сайлауға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Уақыт сынынан өткен оңды бастамаларды қолдауда «Алаштың анасы» атанған Сыр елі үнемі үздіктер қатарынан көрініп келеді. Алдағы саяси науқанда да белсенділік таныту, өз даусының шешуші рөл атқаратынын сезіну маңызды.
Сондықтан форумға жиналғандар таңдау жасау құқын пайдаланып, сайлау учаскелеріне баратынын, келешек үшін дауыс беретіндерін айтты.
Форум соңында қатысушылар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің Президент сайлауына үміткер ұсыну туралы шешімін қолдайтындықтарын білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<