Ел ертеңі – жас сарбаз

528

0

Кеше «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері ант қабылдау рәсімін өткізді. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен шарада 15 жас сарбаз әскери ант қабылдап, патриоттық қозғалыстың мүшесі атанды.

Aray city mall ойын-сауық кешенінде өткен салтанатты шараға жұртшылық көп жиылды. Бұған қоса өңірдің қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мен ардагерлері де келді. Алғы сөз облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Талғат Тілес пен Қарулы күштер ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Мыңділдә Ршауовқа берілді. Өз кезегінде олар жас сарбаздарға ыстық лебізін білдіріп, ант қабылдауларымен құттықтады.

Сонымен қатар жиында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің өкілдері жасөспірім арасында, әскери оқу орындары және болашақ офицерлік қызметтер жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігі 2019 жылы «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының өңірлік филиалдарын құру туралы шешім қабылдаған болатын. Содан бері қоғамдық бірлестік жастар арасында патриотизмді дамытуға үлес қосып келеді. Қазір оның құрамында 12 мыңға жуық жас сарбаз тіркелген.

Мадияр ТӨЛЕУ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<