Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының екі жылдығына орай облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Ел мұрасын сақтаған Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Тарихи ескерткіштерді қорғау күні аясында өткізілген шара қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ, мәдени мұраларды игеруге жастарды тарту мақсатында ұйымдастырылған.
Жиынға облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас, «Атамекен» бөлімінің меңгерушісі Бекарыс Нұриман, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сапар Көзейбаев, қаламгер-журналист Жалғасбек Аманов, «Бабалар сөзі» жүз томдық кітап авторларының бірі Серікбай Қосанов және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің белсенді студенттері қатысты.
Дөңгөлек үстел барысында қатысушылар еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен киелі мекендердің тарихына қысқаша тоқталды. Сондай-ақ оларға келтірілетін зиянды әрекеттерді ескертіп, жас ұрпаққа мәдениетіміздің қаншалықты құнды екенін түсіндіретін шараларды талқыға салды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тарихи мекендерді аралатып, таныстыру мәселелері туралы хабарлап, студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Айдана ҚЫПШАҚБАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<