Ел тарихы ескерткіште

394

0

Қазалы ауданы әкімдігінде облыстағы бойынша тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі, жақсарту шараларына   кеңес отырысы өтті. Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов төрағалық жасаған кеңес отырысына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова,  облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры Сапар Көзейбаев қатысты. Отырыста тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасаған аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов нақты кезеңде ауданда мемлекет қорғауына алынған  республикалық дәрежедегі 6, жергілікті санаттағы 53 және  алдын-ала есепке алынған 40 тарихи-мәдени ескерткіш барын  айтып өтті. Биыл жаз, күз мезгілдерінде аудан әкімінің қолдауымен тарихи-мәдени ескерткіштерді толығырақ зерттеу үшін экспедиция жүргізу жоспарға енгізілгенін, ескерткіш тарихы жайлы мәліметтерді баяндаған ел ақсақалдарымен сұхбат ұйымдастырып, жергілікті деңгейде бейнебаян түсіруді 2019-2020 жылдарға  қолға алу межеленгенін хабарлады.

Кеңесте облыстық мәслихат депутаты Ибадулла Тілеп Қазалы ауданындағы тарихи ескерткіштердің жай-күйі туралы өзінің пікірін білдірді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарына тиісті мамандардан жауап алды.

Жиын барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Рахымжанқызы Өркендеу елді мекеніндегі Жанкент шаһары ЮНЕСКО-ның қорғауына алынатын, мәдени мұралар тізіміне халықаралық аталым бойынша енгізілетінін қуанышпен жеткізді.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<