Ел жаңалықтары

394

0

Жолдардың виртуалды көшірмесі

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты автомобиль жолдарының виртуалды көшірмесін әзірлеу жұмысын бастап кетті. Мамандар 3D бейне сканерлеудің озық технологиясын пайдалануда.

Әзірленген бағдарламалық құрал ғимараттарды, тротуарларды және белгілерді қоса алғанда, жолдар мен көше жоспарларын көрсетеді. Жиналған мәліметтер негізінде жол қызметтері үшін есеп-қисап жасалады.

Қаржы көлемі өскен

Қазақстанның экономикалық зерттеулер институты мәліметінше, былтыр қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметіне жұмсалған қаржы бүкіл республикалық бюджет шығынының 5,9%-ын құрады (2022 жылы 6% болған).

Абсолютті түрде осы қызметтерге жұмсалған сома 2022 жылмен салыстырғанда 18,8 пайызға ұлғайып, 1,3 трлн теңгеге жетті. Шығынның ең үлкен үлесі Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысына тиесілі болды.

Саяхаттаушылар саны артқан

Жыл басынан бері Өзбекстанға 3,5 млн шетелдік турист келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға көп.

Өзбекстанның Статистика агенттігінен мәлім еткендей, бұл елге саяхаттап келген шетелдіктердің көбі – Қырғызстан азаматтары (1 млн 57 мың адам). Одан кейінгі орында 1 млн 46 мың туристпен Тәжікстан тұр. Үштікті Қазақстан түйіндейді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<