Ел жаңалықтары

9

0

Цифрландыруда ілгерілеу бар

Елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда айтарлықтай ілгерілеу бар. 24kz-тің хабарлауынша, жыл басынан бері 11,5 млн цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Ал жалпы 48 қызметттің 44-і электронды түрде ұсынылады. Осы жылы мемлекеттік органдар мен бизнес үшін 20 мың профильді қамтитын жаңа цифрлы экожүйе құрылды. Жобаларға арналған өтпелі ID-нөмірі енгізілді. Бұл олардың орындалуын тиімдірек бақылауға мүмкіндік береді. 

Негізгі инновацияларға нарықтық талдау, бірыңғай деректер қоймасы, egov.kz арқылы төлемді жеңілдету кіреді. Енді 198 мемлекеттік қызметтің деректемелері автоматты түрде толтырылады.

Батыс Ніл қандай вирус?

Ресейдің бірқатар аймағында анықталған Батыс Ніл безгегінің елімізде таралу қаупі бар. Сол себепті мамандар ел тұрғындарын сақтануға шақырып отыр деп хабарлайды 24kz.

Бұл вирусты негізінен кулекс масалары таратады. Жәндіктер негізінен су қомайларында мекен етеді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл инфекция 60 жастан асқандар мен иммунитеті төмен адамдар үшін өте қауіпті. Вирустың негізгі белгілері бұлшықет пен буындардың ауруы, әлсіздік. Ал одан сақтану үшін мамандар үйдің терезелеріне тор орнатуды, орманға барғанда масаға таланбайтындай етіп киінуге, жәндіктерге қарсы улағыш заттарды пайдалануға кеңес етеді.

Әскерге шақырылатындар саны көбеймек

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметкерлер санын көбейтпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаулы жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілердің» интернет-порталында жарияланды. Ол 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

«2024 жылы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 40 148 ер азаматтың мерзімді әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз ету керек» делінген құжатта.

Жалпы бұған дейін әскери қызметке 39 180 адам шақырылған еді. Негіздемеде «Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды жинақтау үшін» мерзімді әскери қызметшілер санын көбейту көзделіп отырғаны айтылған болатын.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<