Ел жаңалықтары

317

0

Әзірге жағдай тұрақты, әйтсе де…

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, қазір коронавирус індеті жағдайын тұрақты деп бағалауға

болады. Қазақстандықтар ұжымдық иммунитетті қалыптастырды және вакцинаға сұраныс жоқ. Алайда, пессимистік жағдайда әрекет етуге дайын. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Қазір елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ, бірақ эпидемия өршіген жағдайда мәселе қарастырылады. Бүгінде коронавирус инфекциясымен 1 290 адам тіркелген.

КВИ эпидемиясы өршіген жағдайда министрлік вакцина алу мәселесін қарайды. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда немесе Ресейде өндірілетін ПТР-тесттерді пайдаланады. Олар сақтау мерзімі мен жарамдылығын ескере отырып, жыл сайын сатып алынады. Ведомствоның мәліметінше, содан кейін ғана кәдеге жаратылады.

Мектептерде қауіпсіздік күшейтіледі

1 қыркүйектен бастап қауіпсіздік мәселелері бойынша сынып сағаттары тұрақты негізде енгізіледі. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдемесін 24.kz келтірді.

Жалпы білім беру ұйымдарында тексеріс жүргізу жалғасып жатыр. Ведомство өкілдерінің айтуынша, мектептердегі жиһаз, спорттық жабдықтар, баспалдақтар барлығы тексеріледі. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының аумағында және маңында ашық кәріз люктерінің болмауы да қаралады. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарына іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын әзірледі. Құжатқа сай жарықтандыру, жылдамдықты шектеу және балалар қауіпсіздігі белгілері орнатылуы тиіс.

Ақылы жолдар саны артады

Egemen.kz-тің хабарлауынша, Көлік министрлігі елдегі бірнеше республикалық жолдарды ақылы негізге ауыстыру бойынша ұсыныс жобасын «Ашық НҚА» порталына енгізген.

Бұл қатарда «Балқаш-Бурылбайтал», «Бурылбайтал-Шу», «Қандыағаш-Мақат», Қарағанды айналма жолы, Тараз айналмалы жолы, «Үшарал-Достық» жол учаскелері бар.

Министрлік мәліметінше, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталмақ.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<