Ел жаңалықтары

298

0

Тұмауға екпе салынады

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе егу 15 қыркүйекте басталады. Қазір ол үшін 2,3 млн доза вакцина сатып алынған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Ресейде өндірілген екпенің алғашқы партиясы елге жеткізілген. Вакциналау медициналық мекемелер жанындағы арнайы кабинеттерде және көшпелі бригадалар көмегімен жүргізіледі. Медицина, әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен мүгедек жандар жоспарлы түрде егіледі. Сол секілді денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар вакцинамен қамтылады. Қалған азаматтар екпені қалауы бойынша ақылы негізде алады.

Қазір қанша бос орын бар?

 Тамыз айында Электрондық еңбек биржасында білім беру саласының мамандарына деген сұраныс артқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегін Informburo.kz келтірді.

Тамыз айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 131,8 мың бос жұмыс орны және 129 мың түйіндеме шыққан. Бір айдың ішінде бос орындар саны 26%-ға (27,4 мың) артып, ал түйіндеме саны 3%-ға (3,5 мың) азайған.

Мамандардың айтуынша, сұраныстың айтарлықтай өсуі білім беру саласындағы жоғары білікті кадрларға түскен.

«Мұны жаңа оқу маусымының басталуымен байланыстыруға болады. Жалпы және орта білім беру ұйымдарынан 15 мыңнан астам бос жұмыс орны шыққан. Математика мұғалімдері (3,3 мың бос жұмыс орны), тәрбиешілер (3 мың), бастауыш сынып мұғалімдері (2,3 мың), орыс тілі мен әдебиеті (2,2 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие мамандықтардың қатарына еніп отыр» делінген хабарламада.

Жылына 700 трактор

Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы жетекші компаниялардың бірі – қытайлық «Zoomlion Agriculture Machinery Co Ltd.» өкілдерімен кездесу өткізді деп хабарлайды  BAQ.KZ.

Жалпы бұл жоба Қазақстандағы «QazTehna» кәсіпорнымен ауқымды ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады.

Жыл сайын Саран қаласындағы зауытта 700-ге дейін трактор шығару жоспарланған. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл серіктестіктен үлкен үміт күтеді және жобаны іске асыруда қолдау көрсетуге дайын. Ынтымақтастық өткен жылдың жазында лицензиялық келісімге қол қоюдан басталған болатын, енді өндіріс практикалық кезеңге өтіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<