Ел жаңалықтары

276

0

Саяси шешім емес

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясының 34 әріптен тұратын әліпби үлгісіне қатысты қабылдаған келісімі саяси шешім емес.

«Өздеріңізге мәлім, түркі мемлекеттерінің отырыстарында ғылыми қауымдастықтарға, ғалымдарға ортақ әліпби үлгісін қарастыруға қатысты бірнеше тапсырма берілген. Сондықтан бірнеше кездесу болды. Халықаралық Түркі академиясының негізінде бірнеше талқылау қорытындысынан кейін академия басшысы Шаин Мұстафаев мырза осындай құжатқа қол қойған. Тағы да айтамын, бұл Үкімет деңгейіндегі немесе саяси құжат емес. Тек ғылыми қауымдастық тарапынан талқыланып жатқан құжат» деді министр.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық Түркі академиясы 9-11 қыркүйек күндері Әзербайжан астанасында Түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы өткенін және онда көтерілген мәселе жөнінде нақтылай түсті.

ЮНЕСКО-ның заттай емес мәдени мұраларының тізіміне енді

Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының даңқы асқақтап тұр. Оның бір белгісіндей, ЮНЕСКО Бас конференциясы

42-сессиясының төрайымы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтты. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының «Әлем және біз» бағдарламасында хабарланды деді «ҚазАқпарат».

Келтірілген дерек бойынша Симона Мирела Микулеску «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – нағыз ұлттық құндылықты сипаттайтын керемет шара. Сондықтан да ЮНЕСКО-ның заттай емес, мәдени мұраларының тізіміне енді. Бұл – мереке. Сондықтан барлық ұйымдастырушылар мен қазақ халқын құттықтаймын» деп баға берген.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек күндері өткен көшпенділер олимпиадасына 90-ға жуық мемлекеттен 2500-ден астам спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салған болатын.

Бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

Ұлттық төлем корпорациясының басшысы Бинұр Жәленов Қазақстанның барлық банктері үшін бірыңғай QR-код жүйесі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында енгізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

2024 жылдың соңына қарай QR-код пилоттық режимде жұмыс істей бастайды. «Биыл біз телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдарды, ал келесі жылдың бірінші жартысында бірыңғай QR мүмкіндігін қосамыз. Қазір жұмыс қызу жүріп жатыр» деді Б.Жәленов.

Бірыңғай QR клиенттерге қай банкте қызмет көрсетілетініне қарамастан тауарлар мен қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бәсекелестіктің дамуына оң әсер етуге тиіс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<