Ел жаңалықтары

67

0

Жаңғыртуға қомақты қаражат бөлінеді

Елімізде экономиканың энергетика және коммуналдық секторларын жаңғыртудың 2029 жылға дейінгі ұлттық жоспары бекітілді. Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту халықты сенімді және сапалы инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жүргізілуде.

Кемінде 30 жылу-электр орталығы мен 200-ге жуық табиғи монополия субъектісін жаңарту жоспарлануда. Энергетика саласына 6208 млрд теңге,

коммуналдық секторға 6 778 млрд теңге, автоматтандыруға және құралдармен жабдықтауға 602 млрд теңге қаралған. Жалпы 13 588 миллиард теңге инвестиция салу жоспарлануда.

Балаларды сауықтыру орталықтары салынады

Елімізде 202-ден астам балаларды сауықтыру орталығы бар, оның 17-сі жыл бойы,

185-і маусымдық негізде жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында балаларды сауықтыруға арналған 50 орталық және одан бөлек 100 қосымша білім беру нысаны салынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл өңірлерде 23 балаларды сауықтыру орталығын ашу және қосымша білім беру үшін 22 заманауи нысан салу жоспарлануда.

Жаңа нысандардың құрылысы өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл бастамалар оқушылар мен жас таланттардың тұлғалық дамуына жағдай жасайды.

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<