Елбасы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты

826

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға жұмыс сапары барысында халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сай етіп салынған. Әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтиды. Терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салынған халықаралық әуежай құрылысын «YDA Group» компаниясы жүргізген. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.

Түркістандағы жаңа әуежайдың орны өткен жылдың күзінде анықталған болатын. Ең оңтайлы жер ретінде Шаға ауылындағы учаске таңдалды. Әуежай терминалының жолаушыларды өткізу мүмкіндігі – сағатына 450 жолаушы, аумағы 10,5 мың шаршы метр, ал ұшу-қону жолағының параметрі 3300х45 метрді құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<