Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаты талқыланды

1351

0

Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда партияның Саяси кеңесі отырысында Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаты талқыланды.

Жиынды ашқан кеңес төрағасының орынбасары Сәрсенкүл Биқожа  жеті тұғырды еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты.

– Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаты маңызды, ауқымды, терең еңбек. Бұл қағидаттар жиынтығын Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының заңды жалғасы деп қарастыру керек. Ендігі жерде мұны тиянақтау мен тұлғаландыру – жаңа буынға жүктелген, аманат әрі бағдар десек, мұнда қамтылған «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» қағидатын болашақ ұрпаққа мирас ету – бұл біздің ортақ борышымыз, – деді ол.

Жиында сөз алған кеңес мүшесі, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Ибраев «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қоғамдағы ауызбіршілікті нығайтып, тұрақты даму үшін ауадай қажет құндылық деп атады.

Кеңес мүшесі Айткүл Шалғынбаева алдымен Елбасының Тәуелсіздік жылдарындағы тынымсыз еңбегі мен тәуелсіздік тұғырына қонған 30 жылдағы жүзеге асырылған реформаларды сөз етті.

Жиын соңында сондай-ақ, кеңес мүшелері тарапынан биылғы жылы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, келер жылдың жұмыс жоспары пысықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<