Елдің басты саяси құқықтық құжаты

524

0

Біздер қазіргі таңда аталарымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Егемендігіміздің еңсесі нығайды, көпұлтты Қазақстанымыз көркейді, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты жақсарды.
Күрделі де, қиын  белестерден өтіп, биік белестерді бағындырдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.
Конституцияда Қазақстан Республикасын қорғау–оның әрбір  Қазақстан азаматының қасиетті парызы және міндеті деп  айтылған.
Біздің еліміз Ата Заң аясында тарих үшін аз жылдың ішінде әлеуметтік- экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан, саяси тұрақтылық берік қалыптасқан, іргесі мықты, айдынды ірі мемлекет ретінде дүниежүзіне танылды.
Мұның бәрі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, алысты болжайтын кемеңгер Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығының, салиқалы саясаттың, оның басшылығымен бүкілхалықтың Референдумда қабылданған еліміздің Конститутциясының әділдігінің нәтижесі.
Бұл орайда нотариустар да Ата Заң аясында, Елбасымыздың  халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыра отырып, тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздің байлығын молайтуға, қорғаныс қуатын арттыруға өздерінің лайықты үлестерін  қосып келеді.
Конститутция  мемлекетіміздің тарихи дамуының негізгі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады. Конститутцияда адамның жеке бас бостандығы,  жеке өміріндегі құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдығы рөлі айқын тұжырымдалған. Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуымыздың құқықтық қайнар көзі ретінде танылады.
Жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының Ата Заңы біздің еліміздің дамуына жол ашып, жаңа тәуелсіз мемлекет буынының бекуіне себеп болды. Сан жылдар егемендікке қол жетпей, аңсатып  келген азаттық Елбасының салиқалы да сарабдал саясатының арқасында бізге бұйырып отыр. 1995 жылғы жаңа қабылданған Конститутция Президент лауазымына үлкен міндеттер мен зор жауапкершілік жүктеді. Ата Заңда атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Президенті — халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы, азаматтар және адамдар құқығы мен бостандықтарының нақты кепілі.
Құқықтық жүйенің жетілдірілуі халыққа көрсетілетін нотариалдық және басқа құқықтық қызметтердің заман талабына сай деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.
Нотариустардың да алдағы уақытта құқықтық мемлекет құрылысына күш-жігерін салатынына және алдымыздағы мақсаттарды абыроймен орындайтынына сеніміміз зор, нотариустардың өз борышын атқаруда биік біліктілігі, азаматтық жауапкершілігі мен ұстанымы азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәлім-тәрбие, жауапкершілік сияқты адамға тән қасиеттер бар. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз Отанының заңдарына бағынуға міндетті, бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы болып саналады.

С.Абдреев,
Қызылорда қаласының нотариусы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<