Елдімекендерді газдандыру жұмыстары жүруде

651

0

Жалағаш ауданы бойынша елді мекендерді газдандыруға 2023 жылы аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен облыстық бюджеттен 40,0 млн.теңге бөлінді. Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес,«АЭS and Limited» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Қазіргі таңда М.Шаменов және Ақсу ауылдық округтерін газдандыру жобасының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге М. Шәменов елді мекенінде 2,6 шақырым болатын 160 диаметрлі жоғары қысымды полиэтиленді газ құбырын монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Ақсу елді мекенін газдандыру бойынша бүгінгі күнге 1,1 шқ жоғары қысымды газ құбырын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған елді мекендерді газдандыру жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Елдімекендерді газдандыру жұмыстары жүруде

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<