Елдімекендерге қатысты бірқатар мәселелер қаралды

353

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық округ әкімдерін қабылдады.

Қабылдауда ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті дамыту, төртінші деңгейлі бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік бағдарламалардың аясында ауылдардағы атқарылып жатырған шаралар мен ауылды абаттандыру, көркейту және басқа да белгіленген жоспарлардың орындалу көрсеткіштері жайында мәселелер қаралды.

Бүгінгі қабылдауға Қызылқұм, Тасарық, Сарбұлақ, Шәкен, Бозкөл ауылдық округ әкімдері осы кезеңге дейін атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жайлы бөлісті.

Аудан басшысы ауылдық елді мекендердің даму ерекшеліктеріне сәйкес басым бағыттарды айқындауды тапсырды. Сонымен қатар барлық ауылдық округ әкімдері орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандырып, ауылдық елді мекендерді дамытудың өзге де салаларына баса назар аударып, тиісті шаралар қабылдауды жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<