Енді жеке кәсіпкерлікті заңды түрде elicense.kz порталында онлайн түрде тіркей аласыз.
Алдымен, жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама қызметінің бетіне өтіп, онлайн тапсырыс беру керек.
Салық органын таңдайсыз. Өтінішті толтырып, жеке мәліметті енгізесіз. Кейін мемлекеттік кіріс органдарының растауын күтесіз. Одан әрі ашылған терезеде кәсіпорныңыздың деректемелері мен параметрлерін көрсетуіңіз қажет. Мысалы, мекен-жайы, атауы, қызмет түрі, салық салу нысаны және тағы басқа.
Соңында сұранымды электронды цифрлы қолтаңба арқылы растайсыз. Жеке кәсіпкерліктің ашылғаны туралы хабарлама бір күн ішінде жеке кабинетіңізге келіп түседі.
Гүлмира МОЛДАҚОЖАЕВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ облыстық филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы №1 бөлімінің маманы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<