Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

562

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті.

Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет ойнап, онда қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы да Елена Рыбакина 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Елена 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен шектелді.

Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, словениялық Кайя Йуван немесе рейтингте 185-сатыдағы франциялық Селена Яничиевичтің біреуімен таласады.

Өткен жылы Е.Рыбакина бастапқыда отандасы Зарина Диясты ұтқанымен, екінші айналымда жеңіліп қалған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында қазақстандықтардан бірінші болып Елена Рыбакинаның кортқа шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде үздік 50 теннисшінің қатарына кірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<