«Елге жанашырлық нақты істен көрінеді»

347

0

Кеше облыс әкімдігінде Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев әріптестерін мерекемен құттықтап, өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар қай кезде де құрметті екенін атап өтті.

– Таяуда ғана өткен Ұлттық құрылтайдың екінші жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің бойында профессионализм, яғни нағыз маман атану және отаншылдық қасиет болуы керек екенін айтты. Бұл ретте әрбіріміз «Адал азамат» құндылығын бәрінен биік қоюға тиіспіз. Себебі Президент айтқандай, «Біз отаншылдығымызды және елге жанашырлығымызды нақты іспен көрсетуіміз керек. Адал азамат болуға ұмтылуымыз қажет. Сонда әрқайсымыз Отанымызды өркендетуге үлес қосамыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шара барысында бірқатар қызметкерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттар табысталып, «Үздік мемлекеттік қызмет көрсетуші» номинациясына лайық жеңімпаз марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде 3000-нан аса мемлекеттік қызметші аймақ дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың тең жартысы – нәзікжандылар. Мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің 325-і басшылық лауазымды абыроймен атқаруда.

Аймақта 29 жасқа дейінгі 300-ден аса жас мемлекеттік қызметші бар. Олардың  20-сы – Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 3-і – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Өткен жылы 9 мемлекеттік қызметші Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының грантын иеленіп, жаңа білім дағдыларын меңгеруде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<