Елімізде алдағы үш күнде 43 градус ыстық болады

647

0

Сурет ашық дереккөз

Елімізде алдағы үш тәулікте 43 градус ыстық болып, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады, 8 шілдеде Солтүстік-Шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады. 9-10 шілдеде Солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 дейін қатты ыстық болуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<