Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

269

0

Фото: ашық дереккөз

Елімізде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ

Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ведомство мәліметінше, ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілген. «Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік өкілдері тек демалыс кезінде мектептен мектепке ауысуға болады деген шектеу алынғанын да атап өтті. «Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертіліп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<