Елімізде демалыс күндері 42 градусқа дейін аптап күтіледі

187

0

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде алдағы демалыс кұндері 15-17 маусымда қандай ауа райы болатынын болжады.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың барлық аумағында ауа-райы құбылмалы болады. Атап айтқанда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел күтіледі. Маманжар еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында бұршақ жауады деп болжады. 15, 17 маусымда солтүстікте, 15 маусымда орталықта, 15-16 маусымда шығыста қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Еліміздің батысында ауа температурасы өте қатты ыстық +33…+42°С, оңтүстігінде де қатты ыстық +35+42°С күтіледі.

Сонымен қатар оңтүстік-шығысында ауа температурасы қатты ыстық +28+38°С, солтүстігінде +26+34°С, орталығында +25+33° С дейін, шығыста +21 + 31°С дейін жоғарылайды деп болжанған.

Фото ашық дереккөзден алынды

Nur.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<