Елімізде MICS зерттеуі басталды

490

0

Қазақстанда 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында Халықаралық Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) өтеді. Сауалнама еліміздегі 24 мың үй шаруашылығында жүргізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Иманбаева мәлім етті.

– ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) 2 қыркүйек күні басталды. Аталған іс-шараның маңызы өте үлкен. Өйткені, MICS-тен алынған мәліметтер бізге базалық көрсеткіштер мен мақсатын салыстырмалы анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылауға мүмкіндік береді. Біздің зерттеу Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) және Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі. Биылғы Қазақстандағы MICS әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатының жай-күйін бағалауды мақсат етеді. Сондай-ақ олардың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді ақпарат алуды көздейді. Бұл олардың әл-ауқатын тиімді бақылауға және ұлттық саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің өңір бойынша 4 572 үйге сауалнама жасалады, – деді ол. 

Сауалнама денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, санитария, балаларды ерте жастан дамыту және басқа да көптеген аспектіні қамтитын сұрақтардан тұрады. Бес негізгі сауалнама парағы болады, әр сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін қамтиды. Ол ерікті түрде өтеді, яғни, оған қатысу-қатыспау әр азаматтың өз еркінде. Бұған қоса, алынған ақпараттың анонимдігі қатаң сақталады.

Айта кетейік, елімізде MICS зерттеуі төртінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін мұндай зерттеу 2006, 2010 және 2015 жылдары жүргізілген. Биылғы сауалнама балалар мен әйелдердің ахуалын бағалау үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіштерді жинау мақсатында өткізіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<