Елімізде үш ай ішінде 63 заңсыз ойын мекемесі жабылған

374

0

Қазақстандағы құмар ойыншылардың саны 350 мыңға жуықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны немесе құмар ойындарға тәуелділікті ресми түрде патологиялық тәуелділік деп таныды. Құмар ойындарға тәуелділік біздің республикамызда да таралған.

«Қазақстандағы құмар ойыншылардың саны 350 мыңға жуық. Және осы санмен шектелмейді. Олардың көпшілігі жасөспірімдер. Мемлекет тұрақты түрде заңсыз ойын бизнесімен күрес жүргізіп, сол арқылы халықты құмар ойынға тәуелділіктің зиянды әсерінен қорғап келеді. Осылайша, ойынға тәуелділіктің және заңсыз ойын бизнесінің даму себептерімен күрес аясында Қазақстанда 2021 жылдың 1 тоқсанында қаржылық бақылау органдары 49 қылмыстық іс қозғады», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 63 заңсыз ойын мекемесі жабылған. Заңсыз айналымнан 300-ден астам ойын автоматы, терминал, покер үстелі, компьютер ер секілді құрылғылар тәркіленген.

«Барлық терминалдар заңға қайшы емес. Ұлттық оператор ел аумағында өзінің терминалдары арқылы ұтыс ойынын өткізу құқығына ие. Олар сарғыш-көк түсті. Міндетті түрде логотип, нөмір және QR код болуы керек. Заңсыз ойын бизнесімен күресуде агенттікке заңсыз тұрған ойын автоматтары туралы ақпарат жолдайтын елдің белсенді азаматтары да маңызды рөл атқарады», делінген хабарламада. Осыған байланысты, Қаржылық мониторинг агенттігі басқа да азаматтарды көмек беруге шақырады. «Әрбір азаматты әлеуметтік жауапкершілік танытып, осындай фактілер жайлы хабарлауға шақырамын. Әрқайсысымыз балаларымызды құмар ойындарға тәуелділіктің зиянды әсерінен қорғай аламыз», – деді агенттік төрағасы Жанат Элиманов.







 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<