Елімізде уақыт белдеуі өзгерген күні неше сәби дүниеге келді

698

0

Фото: ашық дереккөз

Қыстың соңғы күні 29 ақпанда Қазақстанда 803 сәби дүниеге келді. Тәуліктік туу бойынша Түркістан облысы көш басында тұр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, оның ішінде екі егіз, 392 ұл және 411 қыз бала дүниеге есігін ашқан. Тәуліктік туу бойынша ерекше көшбасшы Түркістан облысы болды. Онда 118 бала дүниеге келді. Екінші орын Алматы қаласының еншісінде. Оңтүстік астанада 29 ақпанда 81 нәресте өмірге келді. Ал ел ордасы Астанада бұл күні 79 сәби туылды. «2024 жылғы қыстың ең ұзақ соңғы күнінде туған сәбилерді құттықтаймыз. Оларға зор денсаулық және бақытты болашақ тілейміз», – делінген ведомство хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<