Елімізде жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін

769

0

Фото: ашық дереккөз

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін, нақты айтқанда бір сағатқа ерте басталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға келесі сұрақты қойды: «Еліміздің бірқатар өңірінде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты әлеуметтік желіде жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастауға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр. Өйткені қыстыгүні қараңғы ерте түседі. Осы ұсынысқа қалай қарайсыз, Еңбек министрлігінің жоспары қандай?».

«Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес», – деді деп жауап берді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, министр жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты.

«Ұсыныс бердік, яғни жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес», – деп толықтырды ведомство басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<