Еліміздегі газ саласының жай-күйін талқылады

457

0

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырыс өтті.

Жиынның басты мақсаты – отандық газ саласының жағдайын талқылау, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың VIII шақырылымның бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасын жүзеге асыру.

Мәжілісте еліміздегі газ саласының жай-күйі талқыланды

Іс-шараға Мәжіліс депутаттарымен қатар Энергетика министрлігінің және «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшылары қатысты.

Отырысты ашқан комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин депутаттарды министрліктің және «QazaqGaz» ұлттық компаниясының өткен кезеңдегі қызметінің қорытындыларымен таныстырып қана қоймай, одан әрі дамуды талап ететін мәселелерді қарастыру екенін айтты.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өткен жылы газ саласындареформа жүргізілгенін баяндап, жер қойнауын пайдалану саласында жақсартылған модельдік келісімшарт қабылданғанын айтты.

– Қабылданған реформалар газдың ресурстық базасын ұлғайтуға және газ саласына инвестициялар тартуға бағытталған. Нәтижесінде біз 2029 жылғақарай  шамамен он миллиард текше метргаздың қосымша өсімін күтеміз, – деді министр.

Сонымен қатар А. Сәтқалиев бүгінгі таңда QazaqGaz Қашаған кен орнында қуаты жылына бір миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салып жатқанын, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу» зауытының базасында жаңа газ өңдеу зауытын салу туралы шешім қабылданғанын айтты. Зауыттар жоспар бойынша 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Министрдің айтуынша, жалпы газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрлігі осы жылы Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша газға көтерме бағаны 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен ұлғайтуды жоспарлап отыр.– 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейін халық үшін газдың бөлшек бағасының өсуі ел бойынша 1-3 теңгені құрайды, ал ірі коммерциялық тұтынушылар мен цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар үшін газдың орташа бөлшек бағасы бір текше метр үшін 33 теңгені құрайды, – деді министр.Ал бөлшек сауда бағаларын 1 литр үшін 50-70 теңгеге мемлекеттік реттеу нәтижесінде өткен жылы сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28 пайызға  өскен.Одан әрі «QazaqGaz»ҰК» басқарма төрағасы Санжар Жаркешов газ саласындағы жағдай туралы баяндама жасады.– Өткен жылы елімізде газ тұтынудың ең жоғары деңгейі тіркелді.  Болжам бойынша 2030 жылға қарай тауарлық газдың болжамды тұтынылуы  44 млрд текше метрге жетуі мүмкін, ал ресурстық база бар болғаны 35 млрд текше метр болады. Осы орайда газ саласына жүйелі реформалар қажет, – деді басқарма төрағасы.

Отырыс барысында Дүйсенбай Тұрғанов, Самат Мұсабаев, Ажар Сағындықова, Бауыржан Смағұлов, Арман Қалықов, Ерболат Сатыбалдин, Аян Зейнуллин тиісті орган басшыларына газ саласында қордаланған мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды.

Мәжілісте еліміздегі газ саласының жай-күйі талқыланды
Жиынды қорытындылаған Еділ Жаңбыршин тауарлық және сұйытылған газдың ресурстарын ұлғайту, елді газбен қамтамасыз ету, газ саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру, алауларда ілеспе газды жағуды және кері айдауды қысқартуға ынталандырушы тәсілдер кешенін әзірлеу қажет екенін атап өтіп, мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең басты міндет екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<